Синоптиктер болжамы жарияланды
«Қазгидромет мамандары 18 тамызға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің мәліметінше, түнде Атырауда, ал күндіз Ақтөбеде қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Мұндай жағдай атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына әкелуі мүмкін. Бұған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман немесе инверсия секілді құбылыстар әсер етеді.
Қолайсыз метеожағдай кезінде елді мекендерде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер ету ықтималдығы артады.