Уақытша өзгерістер енгізілген автобустар белгілі болды
Елордада қоғамдық көлік қозғалысының сызбаларына уақытша өзгерістер енгізілді. Бұл туралы City Transportation Systems (CTS) компаниясы хабарлайды, деп жазады Azattyq Rýhy.
Мәліметке сәйкес, өзгерістер тоғыз бағытта жүретін автобустарға енгізілді:
№10, 12, 21, 29, 29А, 35, 46, 50 және 70.
Қалалық мобильділік басқармасының ақпаратына сай, қазір Астананың бірнеше магистральды көшесінде жөндеу-қалпына келтіру жұмысы жүріп жатыр. Бұл қоғамдық көлік қозғалысына тікелей ықпал етіп отыр.
«Жөндеу аяқталғаннан кейін автобустар бұрынғы бағыттарымен қайта жүретін болады», – деп хабарлады CTS өкілдері.
Жолаушыларға ыңғайсыздықты азайту үшін мынадай кеңестер берілді: