Ләззат Ақтаева Қазақстан қосымша 1 млн 200 мың тест сатып алатынын хабарлады
Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева егер азаматтардың қызуы қатты көтеріліп, коронавирус симптомдары анық білінбесе, ПТР-тест тапсырудың қажеті жоқ екенін айтты. Сонымен бірге жұмыс берушілердің тест нәтижесін талап етуін негізсіз деп таныды.
«Жұмыс берушілер қызметкерлерінен ПТР-тесттің нәтижесін әкелуді талап етуде. Оны күн сайын әкеле беру мүмкін емес қой?! Себебі, жұмыс күні аяқталған соң адам үйіне барады, дүкенге барады, азық-түлік алады. Сол кезде де инфекция жұқтырып алуы ықтимал. Сондықтан, ПТР-тест қорытындысының болуы азаматтың ертең ауырып қалмауына кепілдік бермейді. Ауру жұқтырмас үшін маска киіп, арақашықтықты сақтап, антисептик қолданып жүру керек. Тест тапсырарда ойлану керек. Егер симптомдар байқалмаса, диагностикадан өту артық шығын», - деп пікір білдірді ол бүгінгі брифингте.
Сонымен қатар вице-министр Қазақстанның қосымша 1 млн 200 мың тест сатып алатынын хабарлады. Қазір елімізде 390 мыңнан астам тест бар.
Абай Сейфулла, Нұр-Сұлтан