Кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін
Қазақстанда 18 тамыз күні ауа райын солтүстік-батыс циклон мен атмосфералық фронттар анықтайды. Қазгидромет мамандарының болжамынша, республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, кей жерлерде найзағай ойнап, бұршақ түсуі мүмкін, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Синоптиктердің дерегінше, дүйсенбі күні елдің шығысы мен солтүстігінде жауын-шашын мол түседі. Кейбір аймақтарда күн күркіреп, бұршақ аралас жаңбыр болады.
Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Бұл өңірде ауа температурасы салыстырмалы түрде тұрақты болып, ашық ауа райы сақталмақ.
Қазгидромет мәліметінше:
Синоптиктер тұрғындарға ауа райы болжамын қадағалап, жолға шыққанда абай болуды ескертеді.