Ұзақ жолға шықпас бұрын демалыс маңызды дейді мамандар
ҚазАвтоЖол мамандары жүргізушілерді рөлге шаршаңқы күйде отырмауға шақырды. Сарапшылардың айтуынша, ұйқысыздық пен қатты шаршау – жол-көлік оқиғаларының басты себептерінің бірі. Әсіресе демалыс күндері адамдар ұзақ сапарға шығатындықтан, қауіп арта түседі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Жүргізушінің ұйқышылдығы алкогольдік мас күйдегі жағдайға тең. Бар-жоғы 17 сағат ұйықтамаған адамның реакциясы 0,05 промилле алкоголь ішкен адамдікімен бірдей. Ал тәулік бойы ұйықтамау 0,1 промиллеге тең әсер береді», – делінген хабарламада.
Мамандардың айтуынша, шаршаған жүргізушілердің ағзасында бірқатар өзгеріс болады:
Ғалымдардың дерегі бойынша, шаршаған адам бір минут ішінде 60 ретке дейін жыпылықтайды, әр морғаны 70 миллисекундқа созылады. Бұл – минутына 4 секундтан астам уақыт көзі жабық жүру деген сөз.
ҚазАвтоЖол сарапшылары ұзақ сапарға шығатындарға мынадай кеңес береді:
«Ұйқылы-ояу күйде көлік жүргізу – тек өз өміріңізге емес, басқа адамдардың да өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан жолға шықпас бұрын міндетті түрде тынығып алыңыз», – дейді мамандар.
Ішкі істер министрлігінің дерегінше, Қазақстанда жыл сайын мыңдаған жол апаты тіркеледі. Оның ішінде жүргізушінің шаршауы мен зейіннің төмендеуі жиі кездесетін факторлардың бірі болып отыр. Әлемдік тәжірибе де көрсеткендей, шаршаған жүргізушілер жасаған апаттар саны алкоголь әсерінен болған апаттардан кем түспейді.