Қытайдың «ең қырсық тұрғыны» ақыры тасжолдың қақ ортасындағы үйін тастап кетуге мәжбүр болды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Ол жол құрылысын жүргізетін компаниямен өтемақы мәселесінде келісімге келе алмаған

Фото: Видеодан скрин

Қытайда «Цзянсидің ең мықты шегесі» атанған ер адам ақыры айналасын тас жол қоршаған үйін тастап кетті. Pengpai басылымының мәліметінше, оған мұндай қадамға айналасындағы шу себеп болды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Қытайда тасжолдың қақ ортасында қалған үйдің иесі шуға байланысты көшуге мәжбүр болды.

Цзянси провинциясының тұрғыны 2017 жылы билік ұлттық маңызы бар G206 автожолын салуды жоспарлаған кезде қоныс аударудан бас тартқан болатын. Жылдар бойғы келіссөздер нәтижесіз аяқталғаннан кейін, өтемақы туралы ортақ шешімге келе алмағандықтан, жол төсемі оның жер телімінің айналасынан салынып өтті. Құрылыс 2025 жылдың басында аяқталды.

Ерекше пішініне байланысты халық арасында «Цзиньсидің көзі» аталып кеткен бұл үй автожолмен қоршалғаннан кейін бірден жергілікті көрікті орынға айналды. Алайда көліктердің тұрақты шуынан шаршаған үй иесі 2025 жылдың сәуірінде бастапқы қатаң ұстанымына қарамастан жалдамалы пәтерге көшуге мәжбүр болды.