Оның ошағы қанша шақырым тереңдікте жатқаны анықталды
Каспий теңізінде магнитудасы 4 балдық жер сілкінісі 44 километрден астам тереңдікте болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Әзербайжанның Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеді.
«Каспий теңізінде 44 километр тереңдікте магнитудасы 4 жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 8:22-де тіркелді», – делінген хабарламада.
Айта кетейік, Каспийде соңғы уақыттағы ең күшті жер сілкінісі 2023 жылғы 24 қарашада болған. Оның магнитудасы 5,2 құрап, эпицентрі 61 километр тереңдікте орналасқан еді.