Алжирде автобус көпірден құлап, 18 адам қаза тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Тағы 9 жолаушы жарақат алды

Фото: Getty Images / Anadolu/Hamza Zait

Алжирдің Хараш округінде ірі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Жолаушылар автобусы көпірден құлап, өзен арнасына түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Алдын ала мәліметке сәйкес, апат салдарынан 18 адам қаза тапты, тағы 9 жолаушы жарақат алды. Зардап шеккендердің екеуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді.

Құтқару жұмыстары қалай өтті?

Алжирдің азаматтық қорғаныс қызметі апат орнына:

  • 25 жедел жәрдем көлігін,
  • 16 сүңгуірді,
  • 4 құтқару қайығын жұмылдырды.

Құтқарушылар өзенге құлаған автобусты іздеу және жолаушыларды эвакуациялау жұмыстарын жүргізді.

Тергеу жалғасып жатыр

Қазіргі уақытта апаттың себебі анықталуда. Жергілікті билік орындары жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарының сақталуын тексермек.