Аптасына 42 рейске дейін орындалмақ
Қазақстан мен Өзбекстан азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастықты кеңейтіп, әуе рейстерінің санын арттыруға келісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Жаңа келісімге сәйкес, екі елдің әуе компанияларына Алматы – Ташкент және Астана – Ташкент бағыттарында аптасына 42 тұрақты рейс орындауға рұқсат берілді. Бұған қоса, өзге бағыттарда аптасына 14 рейске дейін ұшуға мүмкіндік жасалды.
Соңғы айларда Қазақстан мен Өзбекстан арасында жаңа әуе қатынастары да жолға қойылды:
Осылайша, аймақтың іскерлік және туристік әлеуетін арттыруға ықпал ететін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр.
Әуе рейстерінің артуы мынадай басымдықтарға жол ашады:
«Азаматтық авиация саласындағы серіктестік жалғаса береді. Біз екі ел азаматтары үшін жаңа бағыттар мен қолайлы жағдайлар жасауға мүдделіміз», – делінген комитет хабарламасында.
Сарапшылардың айтуынша, Қазақстан – Өзбекстан бағыты Орталық Азиядағы ең сұранысқа ие әуе маршруттарының бірі саналады. Соңғы жылдары Ташкентке ұшатын рейстерге жолаушылар саны айтарлықтай артқан. Бұл үрдіс визасыз режимнің енгізілуі мен туристік ағынның көбеюімен байланысты.