Жаңбыр, дауыл, аптап ыстық: 16 тамызда қалаларда ауа райы қандай болады

Автор: Алмас Ерсін

Оңтүстікте аптап ыстық болады

Фото: istockphoto.com

Синоптиктердің болжамынша 16 тамызда Қазақстанның басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ал оңтүстікте аптап ыстық сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +19...+21.

Көкшетауда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +19...+21.

Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3–8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +30...+32.

Қонаевта көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18...+20, күндіз +31...+33.

Талдықорғанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +30...+32.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32.

Түркістанда көшпелі бұлт шығады, күндіз қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан 8–13 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +17...+19, күндіз +30...+32.

Оралда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +23...+25.

Атырауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 5–10 м/с жел соғады, күндіз 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29.

Ақтауда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +19...+21, күндіз +27...+29.

Ақтөбеде көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Батыстан, солтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде +14...+16, күндіз +23...+25.

Қостанайда күн бұлтты, жаңбыр жауады, күн күркірейді. Солтүстіктен 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +10...+12, күндіз +19...+21.

Петропавлда күн бұлтты, түнде аздаған жаңбыр жауады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13, күндіз +20...+22.

Павлодарда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +22...+24.

Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр, бұршақ жауады, найзағай ойнап, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +12...+14, күндіз +21...+23.

Жезқазғанда көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, дауыл соғады. Оңтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +21...+23.

Өскеменде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан 7-12 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +23...+25.

Семейде көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан 7-12 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +13...+15, күндіз +25...+27.

Қызылордада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнап, дауыл, шаңды дауыл соғады. Батыстан түнде 2–7, күндіз 8–13 м/с жел соғады, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +16...+18, күндіз +27...+29.

Таразда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 9–14 м/с жел соғады, күндіз екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +15...+17, күндіз +32...+34.