14.08.2025, 15:58
Жаңалықтар
Оралда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды
Оқиға орнынан түсірілген фото және деректер әлеуметтік желілерде тарады
Фото: freepik.com
Орал қаласының Зачаганск ықшамауданында Бірлік көшесіндегі №17 үйдің жанындағы қоқыс контейнерінен өтіп бара жатқан тұрғындар жаңа туған сәбидің мәйітін тауып алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға орнынан түсірілген фото және деректер әлеуметтік желілерде тарады. Аталған жерге полиция қызметкерлері келді.
«Орал қаласында нәрестенің мәйіті табылуына байланысты полиция қызметкерлері баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Сондай-ақ оқиғаның мән-жайын анықтауға қатысты тексеріс басталды», — деп мәлімдеді өңірлік полиция департаменті агенттікке берген түсініктемесінде.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)