Елбасы жұмысын қашықтан жалғастырады
Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсетті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдас Үкібай Twitter парақшасында жазды.
«Қазіргі уақытта Қазақстанның Тұңғыш Президенті оқшаулануға көшті. Өкінішке қарай, Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған соңғы тесті оң нәтиже көрсетті. Алаңдауға себеп жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қашықтан жұмысын жалғастыруда», - деп жазды ол.