Алматыда ірі пәтер ұрлығы ашылды
Алатау аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қалалық криминалдық полициямен бірлесіп, жеке үйден ішінде қомақты қаражат сақталған сейфті ұрлаған 33 жастағы күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдікті сейфті үйден чемоданға салып алып шыққан.
Тергеу барысында оның тағы бір ұқсас қылмысқа қатысы бары анықталды. Полиция деректеріне сәйкес, ол ұрлықты тек түнгі уақытта жасаған және қаланың басқа аудандарында да әрекет етуі мүмкін.
Қазіргі уақытта барлық ықтимал эпизодты анықтау үшін кешенді іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
Белгілі болғандай, күдікті бұған дейін де бөтеннің мүлкін ұрлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.
Қазір ұсталған азамат қамауға алынды.