Павлодар облысының Полиция департаменті түсініктеме берді
Павлодар облысында өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 13 тамызда Белов-Қалқаман автожолындағы Сольветка ауылының маңында Тойота Ипсум мен Тойота Камри маркалы екі автокөлік соқтығысты. Апат салдарынан екі жүргізуші де сол жерде көз жұмды, бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.
«Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жылдамдық режимін, әсіресе көлік көп жүретін жерлерде қатаң сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.