Гүлзира Айдарбековаға ұлдары тосын сый жасады (ВИДЕО)

Автор: Алмас Ерсін

Продюсер жаңа кәсібіне ұлдары қолдау білдіргенін айтты

Фото: видеодан скриншот

Әнші Қайрат Нұртас інісі екеуі жеке бренд өнімін шығара бастаған анасын құттықтап, оған тосын сый жасады. Бұл туралы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде жарияланған видеодан продюсер себеттерге салынған үлкен гүл шоқтарын сыйға алғанын көруге болады.

«Осы уақытқа дейін өзіммен шаруам болмай, тек отбасым деп өмір сүргенім барша халыққа аян. Бәрін аяқтандырып, өзімнің жеке бренд өнімімді шығара бастағанымды ұлдарым қолдап, құттықтап келгені жүрегіме қуаныш сыйлады. Арыстандарым қолдап тұрса, әлі талай асуларды бағындырамын деген үмітім күшейе түсті. Барша оқырмандарымызға тілерім, үміт артқан ұл-қыздарыңыз бақытқа жеткізсін!», - деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Еске сала кетейік, Гүлзира Үсенқызы биыл туған күнін әдеттегідей дүркіретіп өткізбей, демалысқа арнауды жөн көрген.

«Биыл туған күнімді алғаш рет той жасамай, жақсылап демалып қайтайын деп шештім. Нұрекеңнің рұқсатымен келіп қалдық. Замандас сіңлі әрі құрбыларым және кіші құдағиыммен Вьетнамдағы вилламызда демалып жатырмыз. Керемет жер екен. Әрқайсысымызда бір-бірден жатын бөлме бар!», – деп жазды продюсер.