Ол телефонмен сөйлесу кезінде ескерту алған
Алматыда автобус жүргізушісі рейс кезінде телефон қолданғаны үшін жұмысынан қуылғаны белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға назар аударсақ, жүргізуші жолаушылардың бірінен ескерту алған соң дөрекі сөйлеп, оны салоннан шығарып жібермек болған. Оқиға 11 тамыз күні болған.
Желідегі мәліметке сүйенсек, «Алматыэлектротранс» компаниясының хабарлауынша, жүргізушімен еңбек шарты біржақты тәртіпте бұзылды.
Компания басшылығы бұл жағдай үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрап, мұндай оқиғалардың алдын алу шараларын күшейтетінін жеткізді.