Оқиғаға қатысты қалалық Полиция департаменті түсініктеме берді
Шымкенттегі аурухананың қабылдау бөлімінде ер адам келушілер мен күзетшілерге шабуыл жасады. Нәтижесінде бір адамға бас-ми жарақатын алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі КТК-ға сілтеме жасап.
Ер адам қалалық №1 ауруханада төбелес шығарды. Оқиға кеше кешкі уақытта болды.
Куәгерлердің айтуынша, ол туыстарын қаратуға келген, бірақ кіре салысымен агрессивті әрекет көрсетті, айналасындағы адамдарға тіл тигізіп, төбелесіп кетті. Оның зияны тек келушілерге емес, күзетшілерге де тиген.
Шабуыл салдарынан бір адамға бас-ми жарақаты диагнозы қойылып, ауруханаға жатқызылды.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық мән-жайын анықтау мақсатында кешенді тергеу шаралары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Шымкент полиция департаменті.