Жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген азаматтар анықталуда
Павлодар облысында 2025 жылғы мәлімет бойынша, 19 адам бүгінге дейін КСРО төлқұжатымен өмір сүріп келгені анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Құжатталмаған адамдар көбінесе
«Басым бөлігі кәмелетке толмаған кезінде бұрынғы КСРО республикаларынан Қазақстанға көшіп келген азаматтар болып табылады», – деп хабарлады Павлодар облысы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Қанат Сартов.
Жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты азаматтар:
Көші-қон қызметі басқармасы азаматтарға 1974 жылғы үлгідегі КСРО төлқұжаттарын Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарға және туу туралы куәліктерге уақытылы айырбастауды ескертеді.
Полиция азаматтықты анықтау және құжаттарды жинап, одан әрі рәсімдеуге жан-жақты көмек көрсетеді.