Петропавлда алаяқтар 37 адамның 100 млн теңгеден астам ақшасын сыпырып алған

Автор: Асыл Арман

Петропавлда аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі қаралды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Петропавл қалалық соты 2025 жылғы 4 сәуірде екі және одан да көп адамға қатысты алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін үкім шығарды. Іс ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қаралды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сотталушылар кінәсін мойындаған жоқ

Сотта бұлтартпас дәлелдер ұсынылғанына қарамастан, екі айыпталушы да кінәсін мойындамай, жасаған ісіне өкінбеген.

Жәбірленушілер оларды адамдарды сендіре алатын, сенімге кіре білетін шебер манипуляторлар деп атап, қатаң жаза тағайындауды сұраған.

Мемлекеттік айыптау дәлел келтірді

Мемлекеттік айыптау «Б» және «Т» есімді сотталушылардың облыс тұрғындарын алдау және сенімді теріс пайдалану арқылы ақшалай қаражатын иемденгенін дәлелдеді.

Бас бостандығынан айыру жазасы және шығынды өтеу

Петропавл қалалық соты прокуратураның пікірін қолдап, айыпталушыларға нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады және жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды өтеуді міндеттеді.

2025 жылғы 28 шілдеде Солтүстік Қазақстан облыстық апелляциялық алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды. Үкім заңды күшіне енді.