Жетісайда әйелді өлтіріп, ауласына көміп қойған ауыл тұрғыны сотталды

Автор: Алмас Ерсін

Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза кесуді өтінді

Фото: pixabay

Түркістан облысының тұрғыны адам өлтіргені үшін және оқ-дәріні заңсыз сақтағаны үшін 20 жылға сотталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.   

Жантүршігерлік оқиға 2025 жылы 27 маусымда Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған.

«Сотталушы жанжал кезінде жәбірленушіні жіппен қылқындырған. Салдарынан жәбірленуші сол жерде көз жұмған», - деп жазылған соттың хабарламасында.

Қылмысын жасыру үшін айыпталу мәйітті өз үйінің ауласында көміп тастаған. Сондай-ақ сотталушы өз үйінде ойық ұңғылы аңшылық атыс қаруының 32-дана оқ-дәрісін заңсыз сақтаған.

Сотталушының кінәсі, қылмысты мойындаған жауаптарымен, куәлердің жауаптарымен, сот сараптама қорытындысымен және істің басқа да құжаттарымен толық дәлелденді.

Прокурор сотталушыны бұрын аса ауыр қылмыс жасағанын ескеріп, 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сотталушы кінәсін мойындап, жеңіл жаза тағайындауды өтінді.

«Сот сотталушының кәмелетке толмаған баласының болуын жеңілдететін мән-жай деп таныды, ал қауіпті қылмыстың қайталануын жазаны ауырлататын мән-жай ретінде қарастырды.

«Сот үкімімен оған 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді», - деп хабарлады сот.

Сондай-ақ 10 млн теңге көлемінде моральдық шығын өндірілді.