Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі
Алматыда қала тұрғындарын мегаполистің әр аумағындағы ауа сапасы туралы хабардар ететін жоба іске қосылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Twitter-дегі парақшасында қалалықтардың қоршаған ортаның жағдайы, соның ішінде ауаға қатысты хабардар болу деңгейін арттыру үшін экологиялық жобаның іске қосылғандығы туралы жазды.
«Атмосфералық ауаның сапасын LED экранда көрсетеміз. Қаланың әр бөлігінде орналасқан датчиктердегі ақпаратты Қазгидромет жаңартып, өңдейді. Бұл жоба алматылықтардың қаланың экологиялық ахуалын біліп отыруына мүмкіндік береді», — деп хабарлады Б. Сағынтаев.
Ақпарат 26 датчик арқылы жақын маңдағы LED-экранға түседі. Мұндағы мәліметтер бір күнде үш рет жаңарады. Қосымша тағы 10 мониторингтік станция іске қосылатын болады.
Мәліметтер ауаның негізгі алты көрсеткіштерінен тұрады. Олар: РМ 2,5 өлшенген бөліктері, күкірттің дикосиді, азоттың дикосиді, азоттың оксиді, көміртегінің оксиді, фенол.
Еске салсақ, экологиялық ақпаратқа қолжетімділік құқығы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде айтылған.