$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.06.2020, 10:46
Жаңалықтар

Бейжіңде коронавирус індеті қайта өрши бастады

Қалада мектептер онлайн режимге ауысып, балбақшалар жабылды

Бейжіңде коронавирус індеті қайта өрши бастады
Фото: REUTERS

Қытай астанасында 11 маусымнан бері 137 науқас анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың он екісінде ауру белгілері білінбеген. Соңғы бір тәулікте ауру жұқтырудың 31 жағдайы тіркелді. Осыған байланысты мектептер онлайн режимге ауысып, балбақшалар жабылды. Сенбіден бері 350 мыңнан аса адам тесттен өтті.

Осыдан екі апта бұрын қалада эпидемиологиялық ахуал түзелгеннен кейін шектеу шаралары жеңілдетілген болатын. Енді індет қайта өршіп, емханалар, мектептер, қарттар үйлері, қоғамдық көлік пен метрода бақылау күшейтілді. Бұл жолы аурудың жаңа ошағы «Синьфади» ауыл шаруашылық базарында анықталды. Қазір ол жабылды. Іргелес аудандардың тұрғындары оқшауландырылды.

«Қала билігі өзге аймақтардан туристік топтардың келуіне тыйым салды. Ал эпидемиологиялық қауіп деңгейі көтерілген аудандардың тұрғындары қала аумағынан шыға алмайды. Кеңселер жұмысын жалғастырды, бірақ компанияларға мүмкіндігінше қызметкерлерін қашықтан жұмыс істеу тәртібіне ауыстыруға нұсқау берілді. Тестілеу ауқымын арттыру көзделіп отыр. Алайда сарапшылар жаппай тексеру өткізудің қажеті жоқ дейді», - делінген ақпаратта.

Серіктес жаңалықтары