Ол бельгиялық теннисшімен күш сынасты
АҚШ-тың Цинциннати қаласында беделді WTA 1000 сериясындағы теннис турнирі жалғасып жатыр. 12 тамыз күні таңертең үшінші айналым матчтары аяқталды, олардың біріне қазақстандық Елена Рыбакина кортқа шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның бірінші ракеткасы тартысты ойында 19-нөмірмен рейтингке енген бельгиялық Элизе Мертенсті жеңді. Алғашқы сетте 4:6 есебімен ұтылған Рыбакина кездесу барысын өз пайдасына өзгертіп, келесі екі партияда 6:3, 7:5 нәтижесімен басым түсті.
«Мастерс» турнирінің ширек финалына шығу үшін ол алаң иесі, бесінші нөмірлі Мэдисон Кизбен кездеседі.