Астанада бір топ бозбала кафеде отырғандары ұрып кетті (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Оқиға өткен жұма күні Иманбаева көшесіндегі кофейняда болды

Фото: Видеодан скрин

Астанада бір топ бозбала кафеде демаып отырған жұртты ұрып кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желідегі мәліметке сүйенсек, оқиға өткен жұма күні Иманбаева көшесіндегі кофейняда болған.

Агенттік тілшісі қалалық Полиция департаменті жүгінгенде оқиғаның болғаны расталды.

«Осы оқиға бойынша қатысушылар толығымен ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Белгілі болғандай, олардың жасы – 14 пен 16 аралығында. 16 жасқа толған кәмелетке толмағандар ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды. Ал 16 жасқа толмағандардың ата-аналары кәмелетке толмағандар жасаған бұзақылық дерегі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Полиция еске салады: қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген, ал кәмелетке толмағандар жағдайында — олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері жауап береді», – делінген қалалық ПД хабарламасында.