Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімі қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында ресми түрде рәсімделеді
Бұл қадам БҰҰ Бас ассамблеясында қыркүйекте жүзеге асады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дүйсенбі күні Аустралия премьер-министрі Энтони Альбанезе елінің Палестинаны мойындайтынын мәлімдеді. Осылайша, ол Франция, Ұлыбритания және Канада лидерлерінің шешіміне қосылды.
Министрлер кабинеті отырысынан кейін журналистерге берген сұхбатында Альбанезе Австралияның Палестина мемлекетін мойындау туралы шешімі қыркүйекте БҰҰ Бас ассамблеясында ресми түрде рәсімделетінін айтты.
«Мойындау Палестина автономиясынан Аустралия алған міндеттемелерге негізделді», – деді ол.
Премьердің айтуынша, бұл міндеттемелердің қатарында: ХАМАС-тың палестиналық үкімет құрамында болмауы, Газаны қарусыздандыру және сайлау өткізу бар.
«Екі мемлекет құру туралы шешім – Таяу Шығыстағы зорлық-зомбылықтың жойқын шеңберін бұзуға, қақтығыстарды, қайғы-қасіретті және Газа секторындағы аштықты тоқтатуға адамзат үшін ең жақсы үміт», – деді Альбанезе.