Оқиғаға қатысты Астана қалалық Полиция департаменті пікір білдірді
Астанада донер пісіретін мекеменің екі қызметкері жұмыс орнында төбелесіп қалды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанадағы донерханалардың бірінде болған оқиға әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударды. Жарияланған кадрларда касса артында тұрған қызметкердің пакетке тағам салып жатқан сәті бейнеленген. Сол кезде әріптесі келіп, оның үстіне болжам бойынша, ыстық кофені төгіп жібереді. Осыдан кейін екі әйелдің арасында төбелес басталады. Оларға тағы бір қызметкер келіп, ажыратып алады.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, жанжалға қызметкерлер арасындағы жеке реніш себеп болған.
«Аталған факті бойынша қоғамдық тамақтану орнының екі қызметкері арасында жұмысқа қатысты кикілжің болғаны анықталды. Екі тарап та арыз жазудан бас тартты», – деп полиция өкілдері агенттікке берген түсініктемесінде.
Ведомство өкілдері болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу үшін қызметкерлермен түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін қосты.