Колледждерге құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады

Автор: Azattyq Rýhy

Құжаттарды egov.kz арқылы электронды түрде немесе қағаз түрінде колледжге тапсыруға болады

Колледждерге түсу үшін құжаттарды қабылдау 20 маусымнан бастап 25 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

 «Биыл колледжге қабылдау аттестаттың жиынтық конкурстық балы бойынша жүргізіледі: 9-сынып түлектері үшін міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі) және 2 бейінді пән; 11-сынып түлектері үшін екі міндетті пән (қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы) және 2 бейінді пән тапсырады»,- делінген хабарламада.

Педагогикалық, медициналық мамандықтар мен өнер саласы мамандықтары үшін:

«Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана отырып, арнайы және шығармашылық емтихандар белгіленеді немесе талапкерлердің жетістіктері туралы портфолиоларын бағалау қарастырылады, балдары тең болған жағдайда аттестаттың орташа балы және талапкердің әлеуметтік санаты ескеріледі»,- делінген хабарламада.