Астанада жексенбі күні таңертең бірқатар көше жабылады

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қала әкімдігі түсініктеме берді

Фото: ЖИ/ChatGPT арқылы жасалды

Астана қаласында 10 тамыз күні Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру марафонына байланысты бірнеше көшеде көлік қозғалысы уақытша шектелетін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қала әкімдігінің мәліметінше, көлік қозғалысына шектеу мына тәртіппен енгізіледі:

  • Сағат 7:00-ден 8:05-ке дейін – Түркістан көшесінің бір жолағы (Abu Dhabi Plaza бағытына қарай) ішінара жабылады;
  • Сағат 7:10-нан 9:15-ке дейін – Ақмешіт көшесінің бір жолағы (мәре аймағына дейін) жабылады;
  • Сағат 7:00-ден 7:40-қа дейін – Ұлы Дала даңғылы уақытша жабылады.

«Жүргізушілер бағыттарын алдын ала жоспарлап, ықтимал кешігу уақытын ескергені жөн.

Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз және баршаңызды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!» – делінген қала әкімдігінің хабарламасында.

Тегтер: