Желідегі мәліметке сүйенсек, оның мәйіті көпқабатты үйдің жанынан табылды
Ақтау қаласында психдиспансерде есепте тұрған жасөспірімнің мәйіті табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, 16 жастағы жасөспірім көпқабатты үйдің терезесінен секіріп кеткен.
Оқиғаға қатысты Маңғыстау облыстық Полиция департаментіне сұрау салғанымызда жағдайды растап, мынандай пікір білдірді.
«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жас жігіт осыған дейін психдиспансерде есепте тұрған», – дейді Полиция департаментінің хабарламасында.