Көліктің құны – 6 млн теңге
Елордада жалған шот-фактураларға және ұйымдасқан топ құруға байланысты тергелген қылмыстық іс аясында мемлекет пайдасына көлік тәркіленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астана қаласының прокуратурасы жалған құжаттарды жасау және ұйымдасқан қылмыстық топ құру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу аясында мүлікті тәркілеу туралы іс қозғады.
Тергеу барысында құны 6 миллион теңге болатын көлік заңсыз, қылмыстық жолмен алынғаны анықталды.
Астана қалалық прокуратурасының өтініші негізінде сот көлікті мемлекет кірісіне тәркілеу туралы шешім шығарды.
Сот шешімі күшіне еніп, аталған көлік ресми түрде мемлекет меншігіне өтті.