Мамандар екі қаланың тұрғындарына ескерту жасады
Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің екі қаласында атмосферада ластаушы заттардың шамадан тыс шоғырлануы күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл құбылыс зиянды қоспалардың жер бетіндегі ауа қабатында шоғырланып, таралмауына әсер ететін бірқатар ауа райы факторымен байланысты.
«2025 жылғы 8 тамызда Алматы қаласында, түнде Атырау қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл мынадай ауа райы құбылыстары:
Олар ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырлануына ықпал етеді. Бұл, әсіресе тығыз салынған аудандар мен өндірістік аймақтарда, ауа сапасының уақытша нашарлауына әкеледі.