Талғарда екі зейнеткерді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Қанды оқиға Панфилов ауылында болған

Фото: pixabay.com

Алматы облысының Талғар ауданына қарасты Панфилов ауылында екі зейнеткердің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына жеткен полицейлер екі қарияның өлі денесін тапқан. Қазір күдіктінің тұлғасы анықталып, оны ұстау үшін жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр.

Қылмысты ашу мақсатында тәжірибелі мамандардан құралған арнайы тергеу-жедел тобы құрылған. Полиция департаменті қазіргі таңда күдіктіні ұстау бағытында барлық қажетті шараларды қолға алғанын мәлімдеді.