Интернеттегі демалыс жарнамасы тағы да алаяқтыққа ұласты
Ақмола облысында интернет-алаяқтықтың жаңа дерегі тіркелді. Бұл жолы Степногорск қаласының 45 жастағы тұрғыны Instagram желісі арқылы демалыс орнына ақша аударып, соңында алданып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбірленуші 6 тамыз күні Степногорск қалалық полиция басқармасына арыз түсірген. Оның айтуынша, 4 шілде күні Instagram парақшасынан Балқаш көлінің жағасында орналасқан демалыс үйлерін жалға беруге арналған жарнаманы көріп, әкімші ретінде көрсетілген адаммен хабарласқан.
Сенім артқан әйел алты күндік демалысты брондау үшін үш рет төлем жасап, жалпы сомасы 82 мың теңге жіберген. Алайда алдын ала төлем жасалғаннан кейін, демалыс орнының өкілімен байланыс үзілген. Ешқандай бронь расталмаған.
Аталған факт бойынша қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция күдікті адамның кім екенін анықтап, оның іске қатысы бар-жоғын тексеруде.
Ақмола облысының полиция департаменті тұрғындарға интернет арқылы қызмет немесе тұрғын үй брондағанда аса сақ бол туралы кеңес береді. Құзырлы орган азаматтарға мынадай ұсыныстар айтады: