Бұл жағдай жұртты таңғалдырып, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді
Желіде Алакөлдегі дәретхананың жағдайы түсірілген видео таралып, жұртты шошытты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға көңіл бөлсек, Алакөлдегі дәретхананың жағдайы, шатырының жоқтығы жұртты таңғалдырды.
«Дәретхана – 100 теңге. Кілтті киіз үйден аласыз», – делінген дәретхананың сыртында.
Бұл жағдай жұртты таңғалдырып, желі қолданушылары түрлі пікір білдірді.
«100 теңгеге лайық болатындай дәретхана қойса еді», «Ұят-ай», «Киіз үйге жетпей қалсаң не болады?», «Туризм осыдан-ақ дамымайды ғой», «Есігі ашық тұр ғой», «Мынаны көріп ұялып кеттім ғой», – деп жазды желі қолданушылары.