Ұлттық банктің 7 тамызға белгіленген ресми доллар бағамы – 536,58 теңге
Қазақстан қор биржасында (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 539,38 теңгені құрап, 2,68 теңгеге өсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық банктің 7 тамызға белгіленген ресми доллар бағамы – 536,58 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алу орташа есеппен 538,35 теңге, сату – 540,45 теңге. Астанадағы айырбастау пунктерінде долларды орташа есеппен 536,94 теңгеге сатып алып, 543,94 теңгеге сатады.