Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы арнайы операция өткізді
Алматы қаласында полиция киберқылмыспен күрес бағытында кезекті заңбұзушылықтың жолын кесті. Алматы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы Ішкі істер министрлігі және Солтүстік Қазақстан облысы полициясымен бірлесіп арнайы операция жүргізіп, интернет-алаяқтық жасау үшін қолданылған Sim-box құрылғысын тәркіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде интернет-трафикті заңсыз бағыттап, бірнеше сим-картаны пайдалану арқылы алаяқтық желіні ұйымдастырған жас азамат ұсталды. Тергеу мәліметіне сәйкес, ол жабық интернет-қоғамдастықтан арнайы нұсқаулар алып, криптовалюта түрінде ақы алып отырған.
Алматы қалалық ПД Киберқылмысқа қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары Еркебұлан Қойшыбаев бұл құрылғылардың қауіпін түсіндірді:
«Sim-box – алаяқтар жиі қолданатын техникалық әдістердің бірі. Бұл құрылғылар арқылы нөмірді жасырып, қоңырауларды бұрмалап, фишингтік хабарламаларды жаппай таратуға болады. Мұндай әрекеттер адамдарды шатастырып, өзін банк немесе мемлекеттік орган қызметкері ретінде таныстырған алаяқтарға жеке деректерді еркін беруге себеп болады. Бұл – біз күн сайын күресіп жатқан маңызды қауіптердің бірі», – дейді.
Қазіргі таңда тәркіленген құрылғы бойынша тексеру жалғасуда. Сонымен қатар, қылмыстық схемамен байланысты басқа адамдарды анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Полиция қазақстандықтарды келесі қауіпсіздік шараларын ұстануға шақырады: