Олардың кездесуі үш сетке созылды
Канаданың Монреаль қаласында беделді WTA 1000 турнирінің жартылай финалдық кездесулері өтті. Солардың бірінде Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 18 жастағы канадалық Виктория Мбокодан жеңіліп қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Рыбакина матчты сенімді бастады – алғашқы сетте 6:1 есебімен жеңіске жетті. Алайда Мбоко беріле қоймай, ойынның бағытын өзгертті де, келесі екі сетте 7:5, 7:6 есебімен жеңіп, жанкүйерлерін таңғалдырды.
Осылайша, әлемнің 85-ракеткасы сенсациялық жеңіске қол жеткізіп, фаворитті финалдан тыс қалдырды. Енді ол жапониялық экс-бірінші ракетка Наоми Осакамен чемпиондық атақ үшін сынға түседі.