Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді
Түркістан облысында есірткі алқабы табылды. Онда 75 түп қарасора өсімдігі анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полицейлер Түлкібас ауданының тұрғындарынан егіс алқабында егілген қарасора тәрізді 75 түп өсімдігін тапты. Алынған өсімдіктер сараптамаға жіберілді.
«Қазіргі уақытта құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді өсіруге тыйым салынған заңсыз өсіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Істің барлық мән-жайлары анықталып жатыр», – делінген Полиция департаменті хабарламасында.