Қоштасу рәсімі қайда өтетіні анықталды
Ғарышкер Талғат Мұсабаевтың қашан, қай орынға жерленетіні белгілі болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Цифрлық даму вице-министрі Дмитрий Мунның сөзіне сүйенсек, ертең, 6 тамыз күні Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Талғат Мұсабаевпен қоштасу рәсімі өтеді.
«Қоштасу рәсімі Алматыда сағат 09:00-де Зенков көшесі, 24 мекенжайында – Әскери мәжіліс үйінде өтеді. Қазіргі уақытта министр іссапарда, ол сол уақытқа дейін оралып, қоштасу шарасына қатысуды жоспарлап отыр», - деді ол.
Айта кетейік, қазақ ғарышкері 5 тамыз күні Талғат Мұсабаев өмірден өтті.