Тоқаев БҰҰ конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға барды (ВИДЕО)

Автор: Мөлдір Қазыбай

Тоқаевты Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Теңізге шығар жолы жоқ дамушы елдерге арналған Біріккен Ұлттар Ұйымының үшінші конференциясына қатысу үшін Түрікменстанға келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, Түрікменбашы әуежайынан Мемлекет басшысын Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.