Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растады
Тараза қаласында 15 жастағы бозбаланың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желідегі мәліметке сүйенсек, жасөспірімнің денесі асылған күйінде табылған. Марқұмның денесін куәгерлердің бірі көріп, жедел жәрдемге хабар берген. Дәрігерлер жеткенше бозбала жан тапсырған.
Қайғылы оқиғаны облыстық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми пікір берді.
«Тараз қаласында кәмелетке толмаған баланың денесі табылу дерегі бойынша өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу бабымен қылмыстық іс қозғалды.
Полиция қызметкерлерімен оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін барлық қажетті тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес басқа да мәліметтер жариялануға жатпайды», – делінген хабарламада.