Лабубу ойыншығы соңғы жылдары әлемдік коллекционерлер арасында жоғары сұранысқа ие
Интернет-аукцион eBay сайтында сирек кездесетін Лабубу ойыншығы рекордтық бағаға – 10,5 мың долларға сатылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап.
Бұл ерекше коллекциялық ойыншық 2023 жылы қытайлық Pop Mart бренді мен Vans компаниясының бірлескен жобасы аясында шығарылған. Скейтбордшы монстр бейнесіндегі Лабубуның бастапқы бағасы небәрі 85 доллар болса, сатылымдағы құны 120 есеге дейін өскен.
Айта кетейік, Лабубу сериясындағы ойыншықтар соңғы жылдары әлемдік коллекционерлер арасында жоғары сұранысқа ие. Әсіресе, шектеулі шығарылымдар мен әйгілі брендтермен серіктестік олардың бағасын еселеп арттыруда.