Әншінің видеосы әлеуметтік желіде таралды
Танымал актриса, әнші Ақботанұр Сейітмағамбеттің желіде тараған видеосы жұрттың талқысына түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеоға мән берсек, әншінің аяғы ауыр екенін байқауға болады. Алайда, желі қолданушыларының бір бөлігі оны жоққа шығарды.
«Өтірік ішіне бірдеңе тығып алған, білініп тұр», «Бұлар елді жынды қылуларын қоймады ғой. Осылардың проблемасы жетпей тұр еді», «Іші төртбұрыш, хайп сияқты», «Өтірік, елді шулату ғой мақсаттары», «Өтірік екені көрініп тұр ғой», «Жастық тығып алған, жасанды», «Жасанды ғой іші білініп тұр», - деп жазды желі қолданушылары.
Айта кетейік, актер Дәурен Айдарқұлов пен Ақботанұр Сейітмағамбеттің ортақ екі баласы бар. Алайда, жұлдызды жұп 2020 жылдың жазында ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген болатын.