Алматы облысындағы таулы аймақта құрғақ шөп қайтадан тұтанды
Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Долан ауылы маңындағы таулы жерде құрғақ шөп пен бұталар өртенді. Өрт орнынан түскен алғашқы мәліметтерге сәйкес, тілсіз жау таулы әрі қолайсыз аймақта тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылғандар:
Өрт сөндіру үшін «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылып, су төгу құрылғысы арқылы 8 мәрте су шашу операциясы жүргізілді.
Өрт толықтай ауыздықталды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жалпы жанған аумақ 40 гектарды құрады. Өрт сөндіру жұмысының нәтижесінде құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі уақытта өрт толығымен сөндіріліп, аумақ бақылауға алынған. Мамандар тарапынан өрттің қайта тұтанбауы үшін профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр.