Қазақстандық оқушылар информатикадан халықаралық олимпиадада 4 медаль алды

Автор: Дәулет Ботагөз

Қазақстан құрамасы Боливияда өткен IOI-2025 байқауында жоғары нәтиже көрсетті

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазақстандық оқушылар Боливияның Сукре қаласында өткен халықаралық информатика олимпиадасында (IOI-2025) үш күміс және бір қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Халықаралық дода екі турдан тұрды. Байқау нәтижесі бойынша мына оқушылар жүлдегер атанды:

  • Максим Цой – Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
  • Мансур Мамадахунов – Қызылорда облысындағы БИЛ-дің 10-сынып оқушысы – күміс медаль
  • Әкежан Асқар – Семей қаласындағы НЗМ-нің 11-сынып оқушысы – күміс медаль
  • Даужан Бекетов – Алматы қаласындағы №165 мамандандырылған лицейдің 9-сынып оқушысы – қола медаль.

Ұлттық құраманың дайындығы қалай өтті?

Қазақстан командасының жаттықтырушылары:

  • Темірлан Қайртұлы Сатылханов – Astana IT University
  • Айбар Мұратұлы Қуанышбай – IITU (Халықаралық IT университеті)

Ұлттық құраманы халықаралық олимпиадаға дайындау және үйлестіру жұмыстарын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүргізді.

«Оқушыларымыздың халықаралық білім аренасында осындай нәтижелер көрсетуі – еліміздің білім беру жүйесінің әлеуетін көрсетеді», – делінген министрлік таратқан хабарламада.

Олимпиадалық маусымда бірқатар жетістік тіркелді

2025 жыл Қазақстан үшін сәтті олимпиадалық маусым болды. Қазақстандық оқушылар бірнеше халықаралық пәндік олимпиадаларда табысты өнер көрсетті:

  • IChO – Химия
  • IMO – Математика
  •  IPhO – Физика
  • IBO – Биология
  • IGeO – География
  •  IOL – Лингвистика
  •  IOI – Информатика

Биылғы IOI-2025 олимпиадасы Қазақстанның білім саласындағы халықаралық беделін тағы бір рет айқындады.