Түркістанда ойыншық сататын дүкен өртеніп, күлі қалды

Автор: Мөлдір Қазыбай

Түркістанда ТЖМ қызметкерлері дүкендегі өртті сөндірді

Фото: istockphoto.com

Түркістан қаласындағы Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан балалар ойыншықтары мен тауарларын сататын дүкенде өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің кәсіби өрт сөндірушілері жалпы аумағы 24 шаршы метрді құраған өртті жылдам сөндірді. Қаза болғандар мен жарақат алғандар жоқ.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.