Жол апаты Турксіб ауданында тіркелді
Алматы қаласының Турксіб ауданында болған жол-көлік оқиғасынан кейін жеңіл көлік ағаш пен жарық бағанасының арасында қысылып қалды. Видео Instagram-дағы @kris.p.liveпарақшасында жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқиға 2025 жылдың 1 тамызында, сағат 19:40 шамасында, Майлин көшесінде болған.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Daimler Chrysler маркалы автокөліктің жүргізушісі – 29 жастағы әйел – солтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, алдымен ағашқа, кейін жарық бағанасына соғылған.
Апат салдарынан көлік ағаш пен бағананың арасына қысылып, алдыңғы бөлігі жерден көтеріле ілініп қалған. Жүргізуші жедел түрде жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді.
Оқиға орнынан түсірілген видео кадрлар әлеуметтік желіде тарап, тұрғындар арасында кеңінен талқылануда. Видеодан көліктің жерге тимей, ағаш пен темір бағана арасына қыстырылып қалғанын көруге болады.
«1 тамызда сағат 19:40-та Майлин көшесінде солтүстікке қарай жүріп келе жатқан жүргізуші көлікті басқара алмай, алдымен ағашқа, содан кейін жарық бағанасына соғылған. Жол апаты салдарынан 29 жастағы әйел түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді», – деп хабарлады Алматы қалалық Полиция департаменті.
Турксіб аудандық полиция басқармасы апаттың нақты себептерін анықтауға кірісті. Жол-көлік оқиғасының мән-жайы толық зерттеліп, жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға берілмек.
Жол апатының ерекшеліктері: