Ол көлікті сатқаннан кейін де кілтін сақтап қалған
Алматыда Lexus маркалы жол талғамайтын көліктің ұрлығы ашылды. Қалалық криминалдық полиция қызметкерлері мұқият жоспарланған қылмыстың бетін ашып, күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, күдікті – 1982 жылы туған азамат – аталған автокөлікті бірнеше жыл бұрын сатып жіберген. Алайда дубликат кілтті өзінде қалдырып, үш жылдан кейін көліктің орналасқан жерін анықтап, оны қайта айдап кеткен.
Күдікті бейтаныс адам ретінде көріну үшін алдын ала дайындалған:
«Қылмысты жасыру мақсатында ол маска мен қосалқы киім дайындап қойған. Бұл әрекет камераға түсіп қалмау үшін жасалған. Алайда қылмыстың ізін жасыру мүмкін болмады», – деді Алматы қаласы ПД криминалдық полиция басқармасының басшысы Талант Исаев.
Полиция өкілдері жүргізген жедел іздестіру шаралары барысында автокөлік Алматының шеткері аумағынан табылды. Қазіргі таңда көлік тәркіленіп, қылмыстық іс аясында тергеу жүріп жатыр.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, күдікті кінәсін мойындап, тергеу барысында түсініктеме беріп жатыр.
«Қылмыс қаншалықты жоспарлы болса да, заң алдындағы жауапкершілік міндетті. Әрбір құқық бұзушы жазасын алады – бұл қылмыстық саясаттағы негізгі қағида», – деді полиция өкілі.
Мамандар азаматтарға көлік сату кезінде мынадай қауіпсіздік шараларын ескеруге кеңес береді: