Бұл қалаларда ауадағы зиянды заттардың мөлшері артады
2 тамыз күні Ақтөбе мен Атырау қалаларында ауадағы зиянды заттардың мөлшері артады. Бұл туралы Қазгидромет ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Метеорологиялық қызмет мәліметінше, ауадағы зиянды қоспалардың шоғырлануы қолайсыз метеорологиялық жағдайлармен (ҚМЖ) байланысты болады.
«2025 жылғы 2 тамызда қолайсыз метеожағдайлар Ақтөбе қаласында, түнгі уақытта Атырау қаласында күтіледі», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.
Қолайсыз метеожағдайлар – атмосферадағы ластаушы заттардың жиналуына және олардың таралмауына әсер ететін табиғи құбылыстар. Оған мыналар жатады:
Мұндай жағдайда зиянды заттар ауада ұзақ уақыт сақталып, адам денсаулығына кері әсер етеді.
Мұндай жағдайлар тыныс алу жүйесіне, жүрек-қан тамырлары ауруларына, сондай-ақ аллергияға бейімді адамдарға қауіпті. Сондықтан халықты алдын ала хабардар ету маңызды, дейді эколог мамандар.