Тұрсынбек Қабатов Астанаға концерт қоюға келген Дженнифер Лопес туралы әзіл айтты

Автор: Алмас Ерсін

Концерттің жарнамасында өнерпаздың қалың киіммен түскен суреті бейнеленген

Фото: instagram.com/tursynbek_kabatov_official

Әзілкеш Тұрсынбек Қабатов әлеуметтік желідегі парақшасында әлемге танымал әнші Дженнифер Лопестің киімін әзілге айналдырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Дженнифер Лопес Астанаға концерт қоюға келген болатын. Концерттің жарнамасында өнерпаздың қалың киіммен түскен суреті бейнеленіпті. Мұны байқаған Қабатов қалжыңдап үлгерді.  

«Джфеннифер апама Астанада күн суық, жылы киін деп айтты-ау біреу», – деп жазды Тұрсынбек Қабатов Instagram желісінде.

Еске сала кетейік, ел аузында Тұрсынбек Қабатовтың екінші отбасы бар екені туралы сыбыс таралып кетті. Алайда ерлі-зайыпты ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Дегенмен әзілкештің әйелі Мөлдір Мұқан отбасылық өміріне қатысты алып-қашпа әңгімеге пікір білдірді.

«Жеке өмірімді, жеке өмір деп қалдырамын, солай шештім. Тұрсекеңе қатысты сұрақты оның өзіне қойыңыздар. Өзінің парақшасы, көмекшілері бар. Мен де күтпедім. Бәрі жақсы», – деді ол «Жарқыраған жұлдыз» бағдарламасында.

Мөлдір Мұқан жеке өмірінің құпиясын сыртқа жаймайтынын атап өтті.